«Каспий» өз алаңында «Тараздан» басым түсті

23.05.2022, 01:00
Ойынның алғашқы бөлігінде «Тараздың» көшбасшы ойыншылары Елдос Ахметов пен Бауыржан Байтана қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
«Каспий» өз алаңында «Тараздан» басым түсті

Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында «Каспий» мен «Тараз» клубтары күш сынасты. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

24-минутта «Тараздың» қорғаушысы Елдос Ахметов алаңнан қуылса, бес минуттан кейін Бауыржан Байтанаға қызыл қағаз көрсетілді. Ойынның 27-минутында алаң иелері пенальти орындауға мүмкіндігіне ие болды. Мақсат Тәйкеновтің тепеен тобы қақпа маңдайшасына тиді. Ал кері серпілген допқа Никола Цуцкич бірінші жетіп, баспен гол соқты. Жеті минуттан кейін Павел Киреенко есепті еселеді. 90-минутта «Тараздың» капитаны Мақсат Әмірханов жұбаныш голын соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур

«Каспий» – «Тараз» – 2:1

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Артём Барановский, Виктор Дмитренко, Тарас Бондаренко (Аслан Әділ 78), Никола Цуцкич – Шафик Тигруджа, Рати Ардазишвили, Павел Киреенко, Арман Нүсіп – Еркебұлан Нұрғалиев;

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (В) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к), Берік Айтбаев, Әділет Кеңесбек – Марат Шахметов (Бектас Нұрдәулет 57), Абзал Таубай – Бауыржан Байтана, Жақып Қожамберді, Абылайхан Жұмабек (Мақсат Әмірханов 68);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×