“Каспий” Премьер лигаға дайындықты бастады – Ақтаулықтар “Жас Қанатта” бас қосты

21.12.2025, 17:35

Ақтаудың "Каспий" клубы алдағы маусымнык дайындық кезеңіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Каспий” Премьер лигаға дайындықты бастады – Ақтаулықтар “Жас Қанатта” бас қосты

Бірінші лиганың чемпионы атанған ұжым келесі жылы ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында бақ сынайды.

Қазіргі уақытта оқу-жаттығу процесі Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өтіп жатыр. Дайындықтың алғашқы кезеңінде клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы тек жергілікті футболшыларға мүмкіндік беріп отыр. 

Алдағы уақытта команда құрамы легионерлермен және өзге де тәжірибелі ойыншылармен толығады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×