«Каспий» қос бірдей сербиялық футболшыны қатарға қосты

28.08.2021, 15:53
Біреуі артқы жартылай қорғаушы позициясында, екіншісі вингер ретінде ойнайды.
«Каспий» қос бірдей сербиялық футболшыны қатарға қосты

Ақтаулық "Каспий" сербиялық футболшы Ненад Гавричпен және Милош Станоевичпен келісім-шартқа отырды.

29 жастағы жартылай қорғаушы "Црвена Звезда", "Войводина", "Младост" және "Раднички" командаларында ойнаған.

Өткен маусымда Гаврич Сербия чемпионатында 30 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазған.

Станоевич бұған дейін "Младост", "Раднички", босниялық "Сараево" және түркиялық "Анкараспор" сияқты командаларда доп тепті. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Түркияның бірінші лигасында бақ сынайтын "Анкарагюджу" болды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×