«Каспий» ресейлік клубты еш қиындықсыз жеңді

25.02.2022, 16:09
Ресейліктер өз қақпасына жауапсыз үш гол жіберіп алды.
«Каспий» ресейлік клубты еш қиындықсыз жеңді

«Каспий» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Нефтехимикті» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ақтаулық клуб сапында Мақсат Тайкенов пен Павел Киреенко көзге түсті. Ал бір голды ресейлік команданың ойыншылары өз қақпаларына енгізді.

«Каспий»: Ристо Янков (қ) – Мақсат Тәйкенов, Виктор Дмитренко, Ерлан Қадырбаев, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа, Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Еркебұлан Нұрғалиев, Аслан Әділ;

Бұл «Каспийдің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы соңғы ойыны болды.

«Нефтехимик» ФНЛ-дың ағымдағы маусымында алтыншы орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×