Ақтаулық "Каспий" сербиялық жартылай қорғаушы Милош Станоевичпен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.
Станоевич бұған дейін "Младост", "Раднички", босниялық "Сараево" және түркиялық "Анкараспор" сияқты командаларда доп тепті. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Түркияның бірінші лигасында бақ сынайтын "Анкарагюджу" болды.
Станоевич, Гаврич сияқты, қазірдің өзінде ақтаулық клубытң орналасқан жеріне келді және жаңа командасына еркін агент ретінде қосылады.
Айта кету керек, клубтың жаңадан келген ойыншыларының қаржылық жағдайы команданың бұрынғы легионерлері Уаджди Сали мен Стефан Букорацқа қарағанда төмен болады.
Біздің серіктес: FONBET