«Каспий» шабуылшысы командадан кетті

04.01.2022, 19:15
Футболшы ақтаулық клубта жалдау шарты бойынша ойнаған еді.
«Каспий» шабуылшысы командадан кетті

31 жастағы шабуылшы Владимир Хващинский мансабын «Минск» клубында жалғастырады, деп хабарлайды «Белорусский футбол» телеграм арнасы

Еске салайық, өткен жылдың шілде айында «Каспий» Хващинскийді «Динамо Минсктен» жалға алған болатын. Содан бері шабуылшы ақтаулық клуб жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Футболшы еркін агент ретінде «Минск» командасымен келісім-шарт жасасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×