Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, ақтаулық "Каспий" қыркүйектің алғашқы күндерінде Шымкент қаласында қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиында Срджан Благоевич бапкер бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Нақты мәліметке сүйенсек, 5 қыркүйекте қызылордалық "Қайсар" Благоевич шәкірттеріне қарсы ойнамақ.
Сондай-ақ жиынға жаңа футболшы Милош Станоевич келіп қосылады деп күтілуде.
Ақтаулық клуб 12 қыркүйек күні Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында Қостанайда "Тобылмен" ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET