«Каспий» Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Атыраудан» айласын асырды. Ойын Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Бірінші тайм аяқталар тұста Аслан Әділ «Атырау» қорғаушысының қателігін пайдаланып кетті. Ал 52-минутта Матеус Бисси баспен гол соғып, таразы басын теңестірді. Бірақ 90-минутта қосалқы құрамнан шыққан Алмас Арменов «Каспийге» жеңіс сыйлады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 6-тур
«Каспий» – «Атырау» – 2:1
«Каспий»: Ристо Янков (қ) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Виктор Дмитренко, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев (к) (Артём Барановский 90+3), Шафик Тигруджа, Рати Ардазишвили (Арман Нүсіп 74), Павел Киреенко, Руан Телеш – Аслан Әділ (Алмас Арменов 86);
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов (Магомед Парагульгов 79), Николай Тарасов, Павел Барановский, Матеус Бисси, Александр Соколенко – Тодор Петрович, Домантас Антанавичиус (Куаныш Калмуратов 72) – Дмитрий Плетнев (Мұқағали Пангерей 79), Андрия Филипович (Анатолий Катрич 72), Петр Гжельчак (Бауыржан Тұрысбек 56);
Біздің серіктес: FONBET