"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында жамбылдық "Таразбен" кездесті. Матч Ақтау қаласындағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойынның 30-минутында "Тараз" қақпасына пенальти белгіленді. Ал "Каспийдің" жартылай қорғаушысы Уаджди Сали бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді. Осы гол ақтаулық клубқа жеңіс сыйлады.
Жеңіске жеткен Срджан Благоевич шәкірттері турнирлік кестеде 9 ұпаймен жетінші орынға көтерілді. Ал "Тараз" екінші орында қала берді (14 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET