“Каспий” тізгінін Қазақстандық бапкер ұстамақ

20.12.2025, 08:15

Ақтаудың "Каспий" футбол клубы жаңа маусым алдында бас бапкерін ауыстыруға жақын, деп хабарлайды, Aladop.kz.

“Каспий” тізгінін Қазақстандық бапкер ұстамақ

Дереккөздердің мәліметінше, жақын күндері Пиралы Әлиев ресми түрде команданың бас бапкері болып тағайындалады.

Осыған дейін команданы Руслан Эсатов жаттықтырып келген болатын. Оның жетекшілігімен команда Бірінші лигада топ жарып, Премьер лигаға жолдама алды. Алайда, қол жеткізген табысына қарамастан, маман туған жеріне оралуды жөн көрген сияқты. Мәліметтерге қарағанда, Эсатов карьерасын өзінің туған өлкесі әрі бұрын ойыншы және бапкер ретінде қызмет еткен "Тараз” клубында жалғастырмақ.

Бапкермен бірге команданың көшбасшы ойыншыларының бірі де Ақтаумен қоштасуы ықтимал. 2025 жылғы маусымда "Каспийдің” жеңістеріне елеулі үлес қосқан Бауыржан Байтана да Руслан Эсатовтың ізімен "Таразға” ауысуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×