«Каспий» төрт ойыншымен келісім-шарт жасасты

07.02.2022, 18:01
Ақтаулық клуб кеше Аслан Әділді қатарға қосқан еді.
«Каспий» төрт ойыншымен келісім-шарт жасасты

Ақтаулық «Каспий» төрт ойыншымен, атап айтсақ, Павел Киреенко, Артем Барановский, Думан Нәрзілдаев және Еркебұлан Нұрғалиевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

27 жастағы ресейлік шабуылшы Павел Киреенко «Зениттің» түлегі болып саналады. Ол литвалық «Паланга» мен ресейлік «Тосно», «Динамо-СПб», «Сібір» және «Томь» командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол Армения Премьер-лигасында 16 матч өткізіп, 5 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

31 жастағы украиналық орталық қорғаушы Артем Барановский өткен жылы «Ақжайық» сапында өнер көрсетті (23 матч). 2019 жылы ол қарағандылық «Шахтердің» намысын қорғады (34 матч, 1 гол), сонымен қатар 2020 жылғы маусымда «Қызыл-Жар» (11 матч) клубында доп тепті.

28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев қызылордалық «Қайсарда» 10 жыл ойнады. Осы кезеңде ол «қасқырлар» үшін 230 матч өткізіп, 18 гол мен 21 нәтижелі пастың авторы атанды.

28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев 2020 жылы да «Каспий» сапында өнер көрсеткен (12 матч, 1 нәтижелі пас). Бұған дейін «Ақжайық», «Оқжетпес», «Алтай», «Ертіс», «Спартак», сондай-ақ Болгарияның «Верея» клубында доп тепкен. Өткен маусымды ол «Ақтөбеде» өткізді (13 матч, 1 гол).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×