Ақтаулық "Каспий" сербиялық футболшы Ненад Гавричпен келісім-шартқа отырмақ. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
29 жастағы жартылай қорғаушы "Црвена Звезда", "Войводина", "Младост" және "Раднички" командаларында ойнаған.
Өткен маусымда Гаврич Сербия чемпионатында 30 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазған.
Сербиялық футболшы ақтаулық клубтың орналасқан жеріне келді. Келісім-шарт осы маусымның соңына дейін жасалады деп күтілуде. Футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде ауысады.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын "Каспийдің" көшбасшы футболшыларының бірі Уаджди Сали грекиялық "Аполлонға" ауысқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET