«Каспий» украиналық клубпен тең түсті

19.02.2022, 16:34
Қарсылас турнирлік кестенің алғашқы алтылығында келе жатыр.
«Каспий» украиналық клубпен тең түсті

«Каспий» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында украиналық «Ворскламен» тең ойнады (2:2).

Ақтаулық клуб сапында Еркебұлан Нұрғалиев пен Рати гол соқты

«Каспий»: Ристо Янков (қ) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артем Барановский, Никола Цуцкич – Шафик Тигруджа, Думан Нәрзілдаев, Рати – Павел Киреенко, Еркебұлан Нұрғалиев, Аслан Әділ;

Украина Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Ворскла» бесінші орында келеді.

«Каспий» келесі кездесуін 22 ақпанда өзбекстандық «Согдиана» командасына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×