«Каспий» украиналық ойыншымен толықты

27.08.2020, 21:07
Өте нәтижелі шабуылшы екен.
«Каспий» украиналық ойыншымен толықты

Украиналық шабуылшы Максим Марусич "Каспий" клубының ойыншысы атанады.

Медициналық тексеруден өткеннен кейін 27 жастағы ойыншы жыл соңына дейін Ақтаулық клубпен келісімшартқа отырады. Марусич «Каспийге» еркін агент ретінде қосылмақ.

Латвияда Марусич РФШ және "Елгава" командаларында ойнады (42 матч, 19 гол және 5 пас). Украиналық шабуылшы Литвада да «жарқырап» үлгерді - "Лиетава" клубында 32 ойында 8 гол және 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×