Ақтаулық «Каспий» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Әділмен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді.
Аслан оң қапталдағы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
Ол «Жетісудың» түлегі болып табылады. Өткен жылы талдықорғандық клуб сапында Премьер-лигадағы дебютін жасады. Содан бері 29 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Еске салайық, ақтаулық клуб бұған дейін «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаевты қатарға қосқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET