"Каспий" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Қайратпен" кездесті. Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:4 есебімен аяқталды.
Ойынның небәрі 6-минутында Раде Дугалич баспен гол соқты. Ал үш минуттан кейін Айбол Әбікен пенальтиді сәтті пайдаланды. 33-минутта Раде Дугалич дубль авторы атанды. Ол бұл жолы да бұрыштамадан асырылған пасты баспен қақпаға бағыттады. Бірақ 41-минутта Шафик Тигруджа алыстан соққы бағыттап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ көп өтпей Хосе Канте командасының төртінші голын соқты. Ал қосымша уақытта Рамазан Кәрімов мергендігімен көзге түсті.
Д тобында 13 ұпай жинаған "Каспий" және 9 ұпай жинаған "Қайрат" ширек финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: FONBET