«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич және оның көмекшілері клубпен еңбек келісім-шартын ұзартты.
Ақтаулық клубтың жаттықтырушылар құрамы қаңтар айының соңында жасақталған болатын, бірақ олар енді ғана келісім-шартын ұзартты.
Естеріңізге сала кетейік, «Каспийдің» бас бапкері - 47 жастағы сербиялық маман Срджан Благоевич. Оның бапкерлік штабында бас жаттықтырушының көмекшісі - сербиялық маман Деян Фиола, физикалық дайындыққа жауапты - 37 жастағы сербиялық маман Бранко Чирич, қақпашылар жаттықтырушысы болып 37 жастағы Милан Стойкович жұмыс істейді. Тағы бір көмекші - 28 жастағы Азамат Қарабалаев - жаттықтырушылар құрамындағы жалғыз қазақстандық маман.
Біздің серіктес: FONBET