«Каспийдің» көшбасшы ойыншысы командадан кетеді

11.08.2021, 23:29
Футболшы келісім-шарттағы тармаққа сәйкес, командадан еркін агент ретінде кете алады.
«Каспийдің» көшбасшы ойыншысы командадан кетеді

"Каспийдің" 24 жастағы тунистік жартылай қорғаушысы Уаджди Сали мансабын Грекия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Gazzetta басылымы.

Жақын арада жартылай қорғаушы өткен маусымда Грекия Суперлигасында 11-орын алған "Аполлон" клубына қосылады.

Уаджди Сали "Каспийге" ағымдағы жылдың ақпан айында қосылды. Ақтаулық клубта жалпы 21 кездесу өткізіп, 6 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ақтаулық клуб тунистік футболшыны сақтап қалуға тырысты. Бірақ Салидің өзі келісім-шарттағы нұсқаны іске қосуға ниетті, оған сәйкес ол еуропалық клубтан жақсы ұсыныс алса, "Каспийден" еркін агент ретінде кете алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×