«Каспийдің» көшбасшы ойыншысы мансабын Грекияда жалғастырады

27.07.2021, 14:27
Ақтаулық клуб үшін оның орнын басатын ойыншыны табу қиын болады.
«Каспийдің» көшбасшы ойыншысы мансабын Грекияда жалғастырады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Каспийдің" 24 жастағы ойыншысы Уаджди Сали жақын арада Грекияның жоғарғы лигасында ойнайтын клубтардың біріне ауысады.

Тунистік футболшы "Каспийге" қыста "Африкан" клубынан ауысып келді және қысқа уақыт ішінде ҚПЛ-да өзін көрсете білді. Қазақстан чемпионатында 17 матчқа қатысып, 5 мәрте қақпа торын тулатты, ал жексенбі күні "Жетісу" қақпасына соққан голы ақтаулық командаға жеңіс әкелді. Оның ойыны грекиялық клубтардың қызығушылығын тудырды. Футболшы "Каспийден" кету туралы шешім қабылдады.

Ақтаулық клуб Арман Нүсіп пен шабуылшы Давид Караев кеткеннен кейін тунистік футболшыны ұстап қалуға тырысты. Бірақ Салидің өзі келісім-шарттағы нұсқаны іске қосуға ниетті, оған сәйкес ол еуропалық клубтан жақсы ұсыныс алса, "Каспийден" еркін агент ретінде кете алады. "Каспий" басшылығы қазірдің өзінде оны алмастыратын ойыншы іздеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×