«Каспийдің» өткен маусымдағы үздік сұрмергені командадан кетті

08.02.2021, 00:36
Себаихи былтыр команданың көшбасшысы атанған еді.
«Каспийдің» өткен маусымдағы үздік сұрмергені командадан кетті

"Каспийдің" 28 жастағы франциялық жартылай қорғаушысы Биллал Себаихи клубтан кетті. Ол өткен маусымда 18 матч өткізіп, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.

Сондай-ақ 32 жастағы хорватиялық шабуылшы Бранко Чубрило да клубтан кетті. Ол өткен маусымда 15 матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. Бірақ алты сары қағаз бен бір қызыл қағазға ие болды.

Еске салайық, бұған дейін клубтан Рақымжан Розыбакиев (Тараз), Еркебұлан Нұрғалиев (Ақтөбе), Марат Шахметов (Қайсар), Михаил Габышев (Шахтер), Денис Кавлинов, Лайонел Адамс және Владислав Сиротов кеткен болатын.

Ал команда сапына былтыр "Оқжетпесте" доп тепкен қорғаушы Юрий Бондаренко қайта оралды. Сонымен қатар Аслан Дарабаев жақын арада "Каспиймен" келісімшартқа отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×