Photo: Akorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президенті Джанни Инфантиноны қабылдады.
Мемлекет басшысы балалар футболын қолдауға және заманауи спорттық инфрақұрылым салуға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін Халықаралық футбол федерациясына алғыс білдірді.
Президенттің айтуынша, FIFA-мен әріптестік аясында Қазақстан өңірдегі футболды қарқынды дамытудың үлгісіне айнала алады.
Өз кезегінде Джанни Инфантино Қазақстан басшысына футболға назар аударғаны үшін алғыс айтып, ұлттық футболдың деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін растады.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Костамен де кездескен болатын.