Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық футболдың дамуына байланысты пікір айтты:
«Мен кәсіпкерлерді клубтық футболға бизнес ретінде қарауға шақырамын. Футбол клубтары жекеменшікке өтпей, іс алға баспайды. Клубтар жекеменшік болса, шетел спортшыларын шақыру құқығына ие болады».
Президент сондай-ақ, балалар спортын да тілге тиек еткен болатын.
«Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады. Бірақ, бұл – жеткіліксіз», - деді Қ. Тоқаев.
Айта кетейік, біраздан ҚПЛ клубтарына легионерлердің жалақысын жергілікті бюджеттен қаржыландыруға тиым салатын заң талқылануда. Жаңа заңнама еліміздегі жоғары инстанциялардың талқылауы мен бекітуінен өткен соң өз күшіне енеді.