Каталондық клуб баскілердің фанаттарына билет сатудан бас тартты

"Барселона" президенті Жоан Лапорта бұның себебін қонақ трибунаның әлі толық дайын еместігіне әкеліп отыр.

Каталондық клуб баскілердің фанаттарына билет сатудан бас тартты

Реконструкциядан өткен стадион қонақ команда жанкүйерлерін уақытша қабылдай алмайтын болды. Трибунадағы орындықтар әоі толық орнатылмаған. Және біршама кем-кетік жерлердің болуына байланысты ол жаққа құрылысшылардан басқа азаматтар жіберілмейтін болды.

Қазірде Каталон ұжымы “Атлетик" жанкүйерлеріне берілетін билеттер сатылымын тоқтатып тастады.

22 қарашада болатын Ла Лига кездесуіне 45 мың адам келеді деп жоспарланған. Бұған дейін жаңарған стадион қайта есігін ашқан кезде 27 мың адам келіп, “Барсаның” ашық жаттығуын бақылап еді. 

Айтпақшы, Атлетикке қарсы ойынға Рафинья қатысады деп күтілуде. Блауграна жанкүйерлері 31 тамыздан бері алғаш рет Ямаль - Рафинья екілігінің ойынын тамашалауға мүмкіндік алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×