"Барселона" Чемпиондар лигасында бұрын-соңды болмаған антирекорд тіркеді.
4-турда Бельгиялық "Брюггеге" қарсы өткен кездесуде Испандық команда небәрі 16 минут 35 секундтың ішінде екі гол өткізіп алды. Бұл — "Барселонаның” Чемпиондар лигасындағы тарихында осындай қысқа уақытта екі доп айырмасымен ұтылып жатқан алғашқы жағдай.
Алайда, матчта 3:3 есебі тіркелді. "Барса” ойын барысында үш рет есепте артта қалса да тең нәтижеге қол жеткізе алды.