Катар-2022: әлем чемпионаты алдындағы жаңа рекорд

14.04.2019, 04:37
Катар-2022: әлем чемпионаты алдындағы жаңа рекорд
 Таяу Шығыста алғаш рет өткелі жатқан әлем чемпионатына дайындық барысында жаңа әрі қызықты рекорд орнатылды.  Катардағы бірнеше доп додасын қабылдайтын "Al Wakra" стадионының табиғи төсенішін 9 сағат 15 минутта ауыстырып, бұл процесс әлемде ең қысқа уақытта аяқтаған көрсеткіш болып тіркелді. Бір қызығы, табиғи шөпті ауыстыру бойынша бұған дейінгі әлемдік рекорды да Катар жерінде тіркеліпті. Өткен жылы "Халифа" халықаралық стадионының жасыл желегін ауысытруға кеткен 13 сағат 40 минут енді екінші сатыға ығысып қалды. Кім біледі мүмкін әлем чемпионаты басталғанға дейін аталған көрсеткіш тағы жаңарар?

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×