Катар басшысына Почеттиноның жұмысы ұнамауда

07.12.2021, 15:29
Аргентиналық маман жақында командадан кетуі мүмкін.
Катар басшысына Почеттиноның жұмысы ұнамауда

ПСЖ клубының бас бапкері Маурисио Почеттино қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Катар басшысы Тамим бин Хамад Аль Тани мен оның айналасындағы жоғары лауазымды адамдарға аргентиналық маманның жұмысы ұнамауда. Олардың шабуылшы Лионель Мессидің нашар ойыны мен бапкердің команданы басқару тәсіліне де көңілі толмай отыр.

Месси осы маусымда 13 ойында төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

ПСЖ 17 турдан кейін 42 ұпаймен Франция чемпионатында көш бастап тұр. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 5 турдан кейін 8 ұпай жинаған париждіктер А тобында екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×