Катарға гол соққан Криштиану Роналду қос бірдей рекордты жаңартты

10.10.2021, 16:33
Криштиану Роналду Португалия құрамасында 181 ойында 112 гол соқты.
Катарға гол соққан Криштиану Роналду қос бірдей рекордты жаңартты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кеше, 9 қазанда Катармен болған жолдастық кездесуде ерекшеленді. Кездесудің 37-минутында Роналду есеп ашты. Ал оның командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

«Манчестер Юнайтед» клубы твиттердегі парақшасында Катар құрамасы Криштиану гол соққан 46-шы ел болғанын хабарлады. Бірде-бір футболшы мұндай нәтижеге қол жеткізе алмаған екен.

Катарға соққан гол Роналдуға ұлттық құрамадағы голдар саны бойынша әлемдік рекордын жақсартуға мүмкіндік берді. Енді 36 жастағы шабуылшының еншісінде 112 гол бар.

Катармен кездесу Кришттану үшін ұлттық құрама жейдесіндегі 181-ші кездесу болды, бұл Роналдуды Еуропадағы ұлттық құрамалар арасында ең көп матч өткізген ойыншы етті.

Криштиану Роналду Португалия құрамасында 181 ойында 112 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген. Ол ұлттық құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды, ал 2019 жылы УЕФА Ұлттар Лигасын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×