“Елімай” командасы ішкі чемпионаттың кезекті турында “Қызылжардан” басым түсті.
Өз алаңындағы өткен ойында семейлік ұжым 2:0 есебімен қарсаластан айласын асырды. Матч барысында жасылдар сапынан Ролон мен Майком гол соқты. Сол арқылы Елімайдың 3 ойын қатарынан жеңіске жетуіне жол ашты.
Еске салсақ, осы турға дейін Карпович шәкірттері “Ақтөбені” 2:1 және “Қайратты” 2:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бүгінгі ойында Тараз футболының түлегі Ғалымжан Кенжебек тағы да голдық пасымен көзге түсті. Ол екінші гол соққан Давид Майкомға дәл нәтижелі пас берді.
Айтпақшы, осы ойынмен қатар өткен кездесуде “Тобыл” - “Тұранды” 2:0 есебімен жеңді. Және кезекті 3 ұпайына қол жеткізді.