“Қателік жіберсе, өзін жеп қоя жаздайды” – Шотландиялық сарапшы Чесноковтың құпиясын ашты

08.01.2026, 19:15

Ислам Чесноковтың менталитеті Шотландиялық маманды таңғалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қателік жіберсе, өзін жеп қоя жаздайды” – Шотландиялық сарапшы Чесноковтың құпиясын ашты

Шотландиялық Hearts Standard басылымының аналитигі Том Ирвинг отандық футболшының ойын өрнегіне ғана емес, оның алаңдағы психологиялық төзімділігіне де жоғары баға берді.

Сарапшының пікірінше, Чесноковтың басты артықшылығы — оның қайсар мінезі мен жеңіске деген құштарлығында.

“Психологиялық тұрғыдан алғанда, Чесноковтың бойынан нағыз жеңімпазға тән менталитет байқалады. Ол алаңда қателік жіберсе, өзіне қатты ашуланады, бірақ бұл — жақсы мағынадағы ашу. Мұндай эмоция оны қайрай түседі. Қателіктен кейін ол бірден ширығып, жіберген олқылықтың орнын толтыру үшін бұрынғыдан да бетер күшпен жұмыс істеуге кіріседі», — дейді Том Ирвинг.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×