Қазақ баласының есімі Чемпиондар лигасының тарихына жазылды

18.09.2025, 23:45

"Спортингке" қарсы ойында "Қайрат" қақпасын Шерхан Қалмұрза күзетеді. Осылайша ол турнир тарихында алаңға шыққан ең жас ойыншылардың бірі болмақ. 

Қазақ баласының есімі Чемпиондар лигасының тарихына жазылды

18 жас, 95 күнмен Шерхан аты аңызға айналған Икер Касильясты артқа қалдырып Чемпиондар лигасында ойынға қатысқан ең жас қақпашылар тізімінде үздік үштікке енді. 

Негізгі екі қақпашының жарақатына байланысты тарихи матчта “Қайрат” қақпасын қорғау міндеті Шерхан Қалмұрзаға бұйырды. Алматылық ұжым тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде матч өткізуге дайын.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×