Жаңа маусымның кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алайда, Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, биылғы чемпионаттың басталуы көптеген клубтар үшін нағыз сынаққа айналғалы тұр.
Суперкубок: "Қайрат” пен "Тобыл" Астанада айқасады
Маусымның шымылдығы 28 ақпанда ресми түрде түріледі. Ел чемпионы Aлматылық "Қайрат” пен Кубок иегері Қостанайлық "Тобыл” бас қаладағы Астана-Аренада өзара мықтыны анықтайды. Осыдан тура бір апта өткен соң, 7-8 наурызда Премьер лиганың алғашқы турлары басталады.
Үйсіз клубтар: Кім қайда ойнайды?
Биылғы маусымның ең үлкен мәселесі — инфрақұрылым. Көптеген командалар стадиондарының дайын болмауына байланысты алғашқы ойындарын басқа қалаларда өткізуге мәжбүр:
Сондай-ақ Павлодарлық "Ертіс" те қиындыққа тап болып отыр. Сәуір айында Павлодарда көгал алмастыру жұмыстары басталатындықтан, команда бір-екі айға босқын күйін кешуі мүмкін.
Қазақстан Кубогы: Жаңа формат, жаңа мүмкіндік
Сәуір айында басталатын ел Кубогында да жаңашылдықтар бар. Дереккөздің мәліметінше ҚПЛ клубтары жарысты 1/16 финалдан бастайды. Егер төменгі лигалардан (Бірінші, Екінші және әуесқой лигалар) 16 команда жиналса, Премьер лига өкілдері қонаққа барады. Ал егер қатысушылар саны жетпесе, "Қайрат" пен "Тобыл” бірден 1/8 финалға жолдама алады.