Қазақстан жылдың соңғы кездесуіне дайындалуда! Ал футболшылардың көңіл-күйі қандай?

18.11.2025, 10:19

«Оқжетпес» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық кездесу жайлы пікірімен бөлісті.

Қазақстан жылдың соңғы кездесуіне дайындалуда! Ал футболшылардың көңіл-күйі қандай?
Дәурен Жұмат Қазақстан сапында

Бұл бәсеке бүгін Хорватияның Пула қаласында болады. 

«Иә, бізде ұзақ сапар болды, бірақ ертеңге дейін тынығып, қалпымызға келетін уақыт бар. Мейлі бұл жолдастық кездесу десек те жеңіс үшін ойнаймыз. Сапалы ойын көрсетіп жеңіске қол жеткіземіз деп сенемін», - деді Дәурен Жұмат «Vesti.kz» порталына берген сұқбатында. 

Бұл Қазақстан құрамасының биылғы жылдағы соңғы матчы. Ұлттық команда 2025-те ӘЧ іріктеуіне қатысып, 8 ұпай жинады. Өз тобында Бельгия, Солтүстік Македония мен Уэльстен кейін 4-орынға табан тіреді. Өткен сенбіде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандықтар Бельгиямен ұпай бөліскен болатын 1:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×