Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойыны өтеді.
15 қараша күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасымен кездеседі.
Билеттердің онлайн-сатылымы бүгін, 3 қараша күні сағат 18:00-де басталады. Оларды «Jankuier» қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Билеттердің бағасы 3000 теңгеден басталады.
Қосымша арқылы билет сатып алу жолы:
iOS немесе Android платформаларынан «Jankuier» қосымшасын жүктеп алыңыз.
«Билеттер» бөлімін ашып, өз орныңызды таңдаңыз.