Қазақстанның Премьер және Бірінші лигасының ең нәтижелі ойыншыларын тізбектеп шықтық.
Премьер-лиганың биылғы маусымы наурыз айында өз бастауын алған болатын. Содан бері ішкі чемпионатта 21-тур ойнатылып, үздіктер іріктелді.
Назарларыңызға Жоғары лиганың үздік топ-5 сұрмергендер тізімін ұсынамыз:
1.Дәурен Жұмат (Оқжетпес) - 10 гол
2.Назми Грипши (Астана) - 9
3.Марин Томасов (Астана) - 8
4.Дастан Сатпаев (Қайрат) - 8
5.Жоржиньо (Қайрат) - 7
Деңгейі жөнінен екінші сатыдағы чемпионатымыз Премьермен салыстырғанда, бір айға кеш басталады. Соның нәтижесінде Бірінші лига жоғары біріншілігінен 2-тур артта жүреді. Мәселен Премьер командалары қазірде 22-турға көшсе, Бірінші лига ұжымдары 20-турды ойнатқалы отыр.
Назарларыңызға Бірінші лиганың үздік топ-5 сұрмергендер тізімін ұсынамыз:
1.Мирас Тұрлыбек (Каспий) - 19 гол
2.Арман Нүсіп (Шахтер) - 11
3.Арман Смаилов (Ертіс) - 11
4.Сергей Гридин (AKAS) - 10
5.Максим Галкин (Шахтер) - 10