“Қазақстан чемпионатынан кету керек” – Қазақстандық бапкер Ғалымжан Кенжебектің трансфері туралы ойын айтты

06.01.2026, 09:05

"Жетісу" клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің Ресейлік "Ахматқа" ауысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қазақстан чемпионатынан кету керек” –  Қазақстандық бапкер Ғалымжан Кенжебектің трансфері туралы ойын айтты

Тәжірибелі маманның пайымдауынша, отандық футболшылардың өсуі үшін шетел асқаны маңызды.

Шетелге кету – дамудың кепілі

Бапкердің айтуынша, бағыттың қай ел болғаны маңызды емес. Ресей болсын, Бельгия немесе Шотландия болсын – басты мақсат бәсекелестігі жоғары ортаға түсу.

"Меніңше, қай елге болса да — Ресейге, Бельгияға болсын, жігіттеріміз барып бағын сынауы керек. Кенжебек "Ахматта”, Бельгияда немесе Шотландияда ойнай ма, маңыздысы — біздің ішкі біріншіліктен кетуі қажет.” — деді Нұрдәулетов.

Басты фактор – мінез

Мысал ретінде Бахтиер Зайнутдиновтың Мәскеудің "ЦСКА"-сы мен "Ростовтағы” мансабын тілге тиек еткен бапкер, бәрі футболшының өз жігеріне байланысты екенін атап өтті.

"Егер Кенжебек шетелдегі алғашқы қиындықтарға шыдас бермесе, бірер жылда елге қайта оралады. Ал ол алдына биік мақсат қойып, үнемі ізденісте болса, Ресейде де, тіпті Бразилияда да кез келген жерде өз орнын таба алады.” – деді бапкер Fonteam YouTube арнасында.

Нұрдәулетов Ғалымжанның қабілетіне сенім білдіріп, оны мінезді жігіт ретінде сипаттады. Қазіргі таңда Кенжебектің "Ахматқа" ауысуы жанкүйерлер мен мамандар арасында қызу талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×