Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті маусымы ресми түрде мәресіне жетті.
Бүігн «Қайрат» футбол клубы өз тарихында бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша алматылықтар қатарынан екінші маусымда чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Маусымның соңғы турында «Қайрат» елордалық «Астана» клубымен 1:1 есебімен тең ойнап, жалпы есепте 59 ұпай жинады. Осылайша алматылықтар басты бәсекелестерінен 2 ұпайға озды.
Бұл жетістіктен кейін «Қайрат» чемпиондық атақтар саны бойынша енді «Ақтөбе» және павлодарлық «Ертіс» клубтарымен теңесті. Олардың әрқайсысында да 5 реттен Қазақстан чемпионы атағы бар.
Ал абсолютті рекорд «Астана» клубына тиесілі. Олар 7 рет ел чемпионы болған.