Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін футболшылар Беларусь құрамасына шақырту алды

26.08.2024, 21:13

Бапкер Карлос Алос Феррер Беларусь құрамасының Ұлттар Лигасы кездесулеріне қатысатын футболшылар тізімін жасақтады, деп жазады Sports.kz. 

Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін футболшылар Беларусь құрамасына шақырту алды

Тізімге енген футболшылар қатарында ҚПЛ доп тебетін “Ордабасы” ойыншысы Сергей Игнатович,  Макс Эбонг (“Астана”), Валерий Громыко және Александр Мартынович (екеуі “Қайрат”) бар.

Қақпашылар: Павел Павлюченко («Пахтакор», Өзбекстан), Сергей Игнатович («Ордабасы»), Федор Лапоухов («Динамо-Минск», Беларусь).

Қорғаушылар: Александр Мартынович («Қайрат»), Денис Поляков, Кирилл Печенин («Крылья Советов», Ресей), Захар Волков («Химки», Россия), Александр Павловец («Арарат-Армения», Армения), Сергей Карпович («Неман», Беларусь), Павел Забелин («Сокол», Ресей), Илья Москаленчик («Алания», Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Владислав Климович («Диошдьёр», Венгрия), Макс Эбонг («Астана»), Евгений Яблонский («Астерас», Грекия), Юрий Ковалев («Балтика», Ресей), Валерий Громыко («Қайрат»), Александр Селява («Динамо-Минск», Беларусь), Кирилл Капленко («Химки», Ресей).

Шабуылшылар: Иван Бахар («Динамо-Минск», Беларусь), Дмитрий Антилевский («Хапоэль» Хайфа, Израиль), Максим Киреев («Льерс», Бельгия), Герман Барковский («Динамо-Брест», Беларусь), Евгений Шикавка («Корона», Польша), Трофим Мельниченко («Динамо-Минск», Беларусь). 

Беларусь құрамасы Ұлттар Лигасындағы алғашқы ойынын 5 қыркүйек күні Болгарияға қарсы өткізеді. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Беларусь
×