Қазақстан чемпионатының басты сенсациясы атанған бапкер «Ақтөбеге» бармақ

11.08.2025, 05:12

Күні кеше ғана ақтөбеліктер осы маусымдағы екінші бапкерімен қош айтысты. Жаңа жаттықтырушының есімі аталмаса да, Aladop.kz сайты өз нұсқасын ұсынуды жөн көрді.

Қазақстан чемпионатының басты сенсациясы атанған бапкер «Ақтөбеге» бармақ

Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, «Оқжетпестің» экс-бапкері Андрей Ферапонтов алдағы 2-3 күнде клуб тізгінін ұстамақ.

Отандық маман бұған дейін отбасылық жағадайына байланысты шілде айында көкшетаулық команда сапынан кеткен еді.

Андрей Ферапонтов маусымның басты ашылуы болған «Оқжетпеспен» бірге Бірінші лигадан үздік көрсеткішпен шығып қана қоймай, ел чемпионатындағы біраз мықтылардан ұпай алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×