Қазақстан чемпионы ары қарай да ерлік жасайды. Әйігілі басылым «Қайраттың» ЧЛ-дағы ерлігіне тәнті

27.08.2025, 14:51

«Daily Mail» басылымы «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы қарымта ойынды сөз етіп, алматылық клубтың ерекшеліктеріне тоқталыпты.

Қазақстан чемпионы ары қарай да ерлік жасайды. Әйігілі басылым «Қайраттың» ЧЛ-дағы ерлігіне тәнті
"Қайрат" футболшылары ЧЛ негізгі кезеңіне шыққан сәт

Кеше Рафаэль Уразбахтиннің командасы ЧЛ плей-офф кезеңінің жауап ойынында «Селтикті» матч соңындағы пенальтилер сериясында ұтып, негізгі кезеңге шыққан еді.

«Чемпиондар Лигасына шыққандардың қатарына сенсация жасап, «Селтикті» ұшырған қазақстанның «Қайраты» да қосылды. Шотландиялықтардың ЧЛ жайлы арманы голсыз өткен екі ойыннан кейін күл-талқан болды. Олар ойын соңынан пенальти сериясында үш рет мүлт кетіп, мүмкіндігін жіберіп алды. Осылайша, «Қайрат» 2015-тегі «Астанадан» кейін топтық кезеңге шығып отырған қазақстандық екінші команда атанды. Оларға тап болған кез-келген клуб Орталық Азияға қиын сапар шегеді – 3600 шақырым мен сегіз сағаттық белдеу. Мұндайды Конференциялар лигасының кубогі жолында «Астанаға» қарсы кездесуде «Челси» басынан өткеріп көрген. Лондондықтар сырт алаңдағы ойынды әу баста жоспарланған стадиондағы жөндеу жұмыстары жүрген соң Қазақстанның оңтүстігінде Алматыда өткізді. Клубқа Ұлыбританиямен салыстырғанда + 5  сағаттық белдеу айырмашылығы мен қатаң климаттық жағдайда ойнауға тура келді. Алайда, команда 3:1 есебімен басым түскен болатын», - делінген әйгілі басылым материалында.        

Ертең «Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңіндегі қарсыластарын біледі. Алматылық клуб Еурокубокте кемінде 8 матчта өнер көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×