Кеше Александр Седневтың командасы ішкі чемпионатта сенсациялық тұрғыдан жеңіліс тапты.
2025 жылдың басында “Динамо” Брест командасын жаттықтырушысы атанған Александр Седневтің соңғы көрсеткен көрсеткіштері жергілікті жанкүйерлердің ашуын туғызды.
Мәселен кеше Брест ұжымы турнир кестесінің түбінде келе жатқан “Сморгонь” ұжымына күтпеген жерден ұтылды. Оның алдында “Витебск”, “Арсенал” Джерзинск клубтармен де ұпай бөлісіп қойды. Одан тағысы, команда Конференция Лигасы іріктеуінде черногориялық “Сутьескаға” есе жіберіп, еурокубоксіз қалды. Әрине, бұның барлығын фанаттар іштеріне сақтап келіп, кеше ғана басшылыққа үндеу жасады. Олар Ордабасымен бірге 2022 жылы чемпион болған маманды командадан көргісі келмейді екен.
Жанкүйерлер “Динамоны” осыған дейін клубта бапкер болған Александр Бразевич қана жаттықтыра алады деп өзінің ұсынысын да жеткізуде. Айтпақшы, 52 жастағы маман осы жылдың басында “Қызылжармен” 4 кездесу өткізіп, соның екеуінде тең, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Осыдан кейін Бразевич командамен сәуір айында қоштасып, жұмыссыз қалған еді.
Қазірде “Динамо” Брест ұжымы ішкі чемпионаттың турнир кестесінде 16-турдан кейін 32 ұпаймен 5 орында келеді. Беларус ұжымы біріншіліктегі келесі кездесуін 30 тамыз күні “Торпедо” Жодиноға қарсы өткізеді.