«Қазақстан чемпионы сырт алаңда қорғаныста жақсы ойнай алатынын дәлелдеді». «Қайраттың» Финляндиядағы ойынына тамаша болжам айтылды

22.07.2025, 12:11

«Атыраудың» спорт директоры Қуаныш Қабдолов «Аладоп.кз» сайтының тілшісімен сұқбаттасып, «Қайраттың» ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі бірінші кездесуіне қатысты пікірі мен болжамын айтты.

«Қазақстан чемпионы сырт алаңда қорғаныста жақсы ойнай алатынын дәлелдеді». «Қайраттың» Финляндиядағы ойынына тамаша болжам айтылды
"Қайрат" футболшылары жаттығуда

Бүгін алматылық клуб сырт алаңда финляндиялық «КуПС» командасымен жолығады.

- Қуаныш Кенжәліұлы, «Қайраттың» Финляндиядағы ойынынан қандай нәтиже күтесіз?  

«Қайрат» сырт алаңда ойнағанымен, менің ойымша, бұл кездесудің фавориті – алматылықтар. Қазақстан чемпионы сырт алаңда қорғаныста жақсы ойнай алатынын дәлелдеді. Шабуылы да мықты деп санаймын. Сауатты қимылдап, тәртіпке бағынған ойын көрсетсе, бұл матчта жақсы нәтиже көрсетуі тиіс. Жалпы, «Қайрат» бұл жұптың анық фавориті және шабуыл шебіндегі әлеуетінің арқасында келесі кезеңге өтеді деп үміттенемін.

 Командалардың қарымта матчты 29-шілдеде Алматыда болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×