Қазақстан енді Словакияны ұта алмайды? Отандық бапкер қазақстандық футболшылардың Ұлттар Лигасындағы мүмкіндігін бағалады

Бүгін, 15:33

Белгілі жаттықтырушы Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктерін бағалап, Словакия командасы жайлы пікірімен бөлісті.  

Қазақстан енді Словакияны ұта алмайды? Отандық бапкер қазақстандық футболшылардың Ұлттар Лигасындағы мүмкіндігін бағалады
Қазақстан - Словакия кездесуі

«Словакиямен біз 2022-де ойнадық. Дәл осы Ұлттар Лигасында екі кездесу өткізіп, екеуінде де ұтып кеткен болатынбыз. Алайда, ол кезде Қазақстан командасында бір артықшылық болған еді – ойын маусымда өтіп, словактарда күз-көктем жүйесіндегі чемпионаты аяқталып қойған. Ал бізде керісінше көктем-күз аралығындағы біріншілік қызып тұрған шақ болатын. Осыдан кейін әрине түсінікті, Қазақстан құрамасының футболшылары бабында болатын. Словакиялықтар былайша айтқанда, еңбек демалысында жүрген кездері. Біздің құрама осындай басымдықтың арқасында екі ойында жеңіске жете алды. Ал қазір жағдай басқаша, турнир ұйымдастырушылары ойындарды күзге қарай жылжытып тастаған. Мұны, командалардың жағдайы ұқсас болуы үшін жасап отыр. Демек, бізде 2002-жылғы матчтардағыдай басымдық болмайды», - деді Б. Есмағамбетов.

Қазақстан 2022-жылғы Ұлттар Лигасында өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Ол кезде Словакиядан бөлек, Әзербайжан және Беларусь құрамалары болды. Биылғы қарсыластар Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамасы.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×