Қазақстан футбол Федерациясының БАҚ және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұратбек Биманов, 17 тамыз күні Алматыдағы әуесқой турнирдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін төрешілердің беделін арттыру мәселесі қолға алынатынын жеткізді.
“Ел футболын елең еткізген оқиға 2024 жылдың 17 тамыз күні Алматы қаласында Алматы облыстық футбол қауымдастығының ұйымдастыруымен «Пионер» және «Эрик-Сон» әуеской командалары арасында өткен ойында тіркелді.
«Пионер» футбол клубының ойыншылары матчтың бас терешісіне қысым көрсеткен, жанында тұрган жанкүйерлерге қарамастан, терешіні соққының астына алды.
Дәрігерлер терешінің басы сүйегі мен қабыргасының жарақаттанғанын, сонымен қатар миы шайқалғанын анықтады. Мұның барлығы медициналық құжатта көрсетілген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда терешінің айтуынша, белгісіз тұлғалардың тарапынан қысым көрсетіліп, түсініктемеден бас тартуын талап етіп отыр.
ҚФФ ел спортының беделіне нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге түбегейлі қарсы. Біз төрешіге және оның отбасына соңына дейін қолдау көрсетеміз. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігін осы жағдайды ерекше бақылауға алуға шақырамыз. Жауапты тұлғалар
анықталып, заң аясында тисті шара қабылдануы тис. Заңсыз әрекеттер ешқашан елеусіз қалмағаны абзал. Төрешілерге жасалатын қысымның алдын-алу үшін УЕФА деңгейінде ережелер күшейтілді. Жекелей алсақ, енді ойын барысында терешіге тек команданың капитандары ғана жақындай алады. Келесі маусымнан бастап осы ереже ҚФФ ұйымдастыратын жарыстардың барлығында колданылады.
Барша қазакстандықтарды мұндай әрекеттерді айыптауға шақырамыз. Спорт - біздің мәдениетіміз бен абыройымыздың өлшемі. Спорт ареналарында тәртіп орнатып, мұндай агрессияға бірге қарсы тұруымыз қажет. Спорттық іс-шарада әрбір жанның қауіпсіздігі бірінші орында тұруы міндет”, - делінген Федерация мәлімдемесінде.
Біздің серіктес: FONBET