Белгілі отандық бапкер Дмитрий Огай Қазақстандық футболдағы түйткілді мәселелер жөнінде қатаң пікір білдірді. Ол агенттер тақырыбына ерекше назар аударды.
"Бірінші лигада Қазақстандық мамандар жұмыс істеуі керек. Бірнеше жыл бұрын ҚФФ: “Неге біз Pro лицензиясы бар бапкерлерді даярлаймыз, егер ол бір адамға жеті миллион теңге тұрса? Олар кейін үйде отыру үшін бұны жасады ма?” – деп сұраған еді. Қазір бапкерлер таныс арқылы жұмысқа орналасады. Агенттер өздерінің бапкерлерін кіргізеді, ал олар өз футболшыларын әкеліп, бәрін басқарады. Бұл іс жүзінде барлық клубта қайталануда. Жас бапкерлерді аяймын.
Егер біз мұндай жағдайдан арылмасақ, футболымыз құлдырай береді. Агенттер өздеріне тиімді ойыншыларды ғана алға шығарады. Көптеген командаларда бұл өзгермей отыр. Сіз бір чемпионаттың ортасында он ойыншының бір клубтан кетіп, екіншісіне өткенін көрдіңіз бе? Бұл күлкілі нәрсе." – деді Огай Borodabata.kz сайтында.
65 жастағы Дмитрий Огай бас бапкер ретінде екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын және Интертото кубогын жеңіп алған. Ал футболшы ретінде 1996 жылы ел чемпионы болған.