Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн ел чемпионатының матчтарын ақылы жазылым жүйесіне көшіру қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның пайымдауынша, трансляцияларды коммерцияландыру — отандық футбол клубтарының дамуына қажетті қадам.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты — жеке инвесторларды тарту. Скотт Манн трансляциялардан табыс таппай, Қазақстандық клубтардың жеке инвестиция үшін тартымды болуы мүмкін емес екенін атап өтті.
Осылайша, ақылы жазылымдар жүйесі футбол клубтарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің тетігі ретінде қарастырылып отыр.