Қазақстан футболында тағы дау-дамай - «Елімайдың» төртінші орыны алдын-ала «шешіліп» қойған ба?

30.10.2025, 12:16

«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым биылғы пермьер-лигаға қатысты пікірін айтып, соңғы турда «Астанамен» болған кездесуге тоқталды.

Қазақстан футболында тағы дау-дамай - «Елімайдың» төртінші орыны алдын-ала «шешіліп» қойған ба?
"Ақтөбе" ФК футболшылары

ҚПЛ-дің соңғы бәсекесінде ақтөбеліктер сырт алаңда «Астанадан» тас-талқан болған еді 5:3.

«Біз бұл ойынға жоспарға сай дайындалдық. Солтүстік Македониядан қайтқан кезде-ақ Бағдат Қайыровқа «Астанамен» ойынның қиын болатынын, оған жақсылап дайындалу керектігін айтқам. Біз құрамада жүргенде жігіттер «болды, «Елімай» төртінші орын алады, олардың күнтізбесі жеңілірек» дегендей әңгімені айтып қалды. Бұл маған өте ауыр тиді. Осыдан кейін Бағдат Қайыровқа «Бұлай болмайды, жеткен соң жігіттермен сөйлесіп жеңіс үшін ойнау керектігін айтайық. «Астана» ма басқа ма, маңызды емес, біз соңына дейін ойнаймыз» деп келіскен едік. Ақтөбеге келіп осы әңгімені тағы көтердік. Шынымды айтсам, жеке өз басым соңына дейін жеңіске жетуге болады деп ойлағам. Бірақ болған іс болды», - деді «Ақтөбе» қорғаушысы «AmanVibe» ютую-арнасының подкастында.   

ҚПЛ-2025 қортындысы бойынша «Ақтөбе» 5-орын алып, Еурокубоксіз қалды. Ал «Елімай» төртінші орын иегері ретінде келесі жылы Конференциялар лигасында өнер көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 8
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×