Ұжым Шонжы өңірінің намысын қорғамақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Қаршығa” футбол клубы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада өнер көрсететінін ресми түрде жариялады.
Команда Алматы облысы, Шонжы ауылының атынан сынға түседі. Олар өз үйіндегі матчтарын заманауи A-Arena стадионында өткізбек.
Клуб жай ғана қатысушы болып қана қоймай, алғашқы маусымда-ақ жоғары нәтиже көрсетуді көздеп отыр яғни Бірінші лигаға жолдама алу.