Қазақстан футболындағы басты мәселе не? ҚПЛ деңгейі төрешілікке ғана тіреліп тұр ма?

03.12.2025, 16:09

ҚПЛ-дің біраз клубында доп тепкен сербиялық футболшы Стефан Живкович Қазақстан футболындағы басты мәселелерді атады

Қазақстан футболындағы басты мәселе не? ҚПЛ деңгейі төрешілікке ғана тіреліп тұр ма?

«Бәрінен бұрын мені кейбір стадиондар мен сапасы сын көтермейтін алаңдар, тозығы жеткен инфрақұрылымдар таңқалдырды. Жақсы футбол жақсы жағдайлардан басталады. Осы бағытта жұмыс істеліп жатыр деп ойлаймын. Ал БАҚ жазып жүрген төрешілікке байланысты айтар болсақ, қателік барлық жерде орын алады. Стадиондар мен алаңдар түзелгенде, төрешілік деңгейі де көтеріледі деп сенемін», - деді сербиялық футболшы «Sports24.kz» сайтына берген сұқбатында.

Стефан Живкович әр жылдары «Жетісу», «Атырау», «Ертіс», «Тұран» және «Қызыл-Жар» жейдесінде өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×