
Қазақстан құрамасы Кюрасаомен жолдастық кездесу өткізеді.
Бұл туралы SALE футбол телеграмм-арнасы мәлімдеді.
«Матчтың басты мақсаты – бапкер айтқандай ҚПЛ-да және сыртта ойнайтын ойыншылар бір-бірімен аздап түсінісуі үшін», - делінген телеграмм-арнаның жазбасында.
Қазақстан - Кюрасао ұлттық командаларының арасындағы жолдастық ойын біздің уақытпен 21:30-да басталады. Ал Анталия уақытымен 19:30-да (Қазақстан Түркия жерінде ОЖЖ өткізуде).
Айта кететін жайт, бұл кездесу жабық түрде өтеді. Оның трансляциясы және хаттамасы болмайды. Кюрасао құрамасы ФИФА рейтингінде Қазақстаннан жоғары орналасқан (91-орында). Команданы әйгілі Нидерланд маманы Дик Адвокат жаттықтырады.
Тағы бір тоқтала кететін жайы Кюрасао сапында кезінде «Астанада» ойнаған Рангело Янга өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET