
Сенат “Дене шынықтыру және спорт туралы” заң жобасын мақұлдады. Бұл заңнамада мемлекеттік бюджет пен мемлекетке қарасты ұйымдардан шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салу көзделген. Бұл өзгеріс әсіресе ұжымдық спорт түрлеріне, атап айтқанда, футболға қатты әсер етпек, себебі қазіргі таңда Қазақстан Премьер лигасында 126 легионер ойнап жүр.
Кімдерге бұл өзгеріс әсер етпейді?
"Қайрат”
Алматының “Қайрат” клубы мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді емес. Клубтың демеушісі – белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев.
Adata.kz мәліметінше, 2023 жылы “Қайрат” 916 миллион теңге салық төлеген, бұл оның қаржылық тәуелсіздігін дәлелдейді.
"Астана”
“Астана” да бұл заңнан қатты зардап шекпейді.
Соңғы жылдары клуб 13,8 млрд теңгеден астам (шамамен $27,3 млн) табыс тапқан. Бұл легионерлердің жалақысын мемлекеттік қолдаусыз төлеуге мүмкіндік береді.
“Тобыл” және “Ақтөбе”
“Тобыл” – соңғы 3 жылда 5,7 млрд теңге табыс тапқан, ал “Ақтөбе” – 2,7 млрд теңге
Бұл клубтар да легионерлердің жалақысын ішінара өз күшімен қамтамасыз ете алады.
Қиын жағдайда қалатын клубтар
Қазақстан Премьер-лигасындағы басқа клубтар үшін бұл заң үлкен мәселе туғызуы мүмкін. Олар:
– Легионерлерді ұстауға қаражат таппай қалуы мүмкін
– Қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге мәжбүр болады
– Кейбір клубтар легионер санын азайтуы мүмкін, бұл өз кезегінде команданың әлеуетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін
Қорытынды
Бұл заң жобасы отандық спортшыларды қолдау мен мемлекеттік қаржыны үнемдеу мақсатында қабылданып отыр. Алайда ол қаржылық тәуелсіздігі жоқ клубтар үшін қиындық туғызуы мүмкін.
Жаңа жағдайда демеуші тарту, маркетингті күшейту және инвестор іздеу – клубтардың басты бағытына айналмақ.
Біздің серіктес: FONBET